Кім бар-ау?

Бір мақалдың үдесінен шыға алмай-ақ қойдым: “Малым – жанымның садағасы, жаным – арымның садағасы”. Алдындағы малынан айрылған ағайын қазір аузындағы нанынан айрылып қалмаудың қамында. “Айдағаны бес ешкі” болса да бұрын қазекем қараша үйдің шаңы-рағынан аспанға қарата шырт түкіріп жатушы еді. Амал не, ол күн келмеске кетті. Мал жоқта жан сақтау қиын екен. Қиын болғаны сол, қазір қам-харекеттің қанбаза-рында қазақтың Ары да, Аруы да саудаға түсіп жатыр! Шынымен-ақ ханнан қайыр, қарашыдан зайыр кеткені ме?Қазақ деген халықтың қасиетін қапысыз аңғартатын аталмыш мақалдың астарын ақтарып, тысын сөгіп, ішіне үңіле қарайтын азамат бүгінде арамыздан табыла қояр ма екен? Әй, қайдам…

И. Сапарбай

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *