Үшжүзділік

Басына қиын-қыстау іс түссе болды, ел-жұрт еріксіз екіге бөлініп кетеді. Бірі – нақұрыс пен надан. Ішінен іріп, ішімдікке салынады. Екіншісі – естісі мен ересегі. Дінге ділін аударып, ділмарлық жолға түседі. Рушылдықтың түп-тамырына дейін құлдырап, үш-жүзділіктің (екіжүзділіктен құдай сақтасын) ұшар басына шыққан қазақ қазір осылайша екіге айрылу кезеңін басынан кешіріп жатыр. Алғашқысы азғындық жол-дағы, кейінгісі аз күндік алданыш. Әйтпесе, қазақ діншіл болса, бұрын қайда жүрген? Кім біліпті, ертең қарнымыз тойып, қалтамыз томпайып қаз қалпымызға қайта келген-дей болсақ, Алла жолынан айнып шыға келмесімізді?.. Барынша әсірешіл (әсершіл емес), әулекі, әпербақан, қит етсе Құдайды қарғап-сілеп шыға келетін қазақтың, бас-қасын қайдам, бұл қолынан әбден-ақ келеді! Ал, ішімдік пе? Ол – талғамсыз, тәбетшіл жұрттың обырына орыстан жұққан оба ғой.

И. Сапарбай

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *