Иттер

Осы ит атаулы бір-біріне неге өш? Әсіресе, қорадағы итекеңдер. Босатып жіберсең, бір-бірін түтіп жеуге бар! Ауыз жаласып, бір-біріне өліп-өшіп жатқан тұмсықты тұқымдастарды әлі күнге көрмеппіз. Иә, қайсыбір уақыттарда, көктемде болса керек шамасы, ұрыншақ бір ұрғашының соңынан ұрдажық бес-алтауының сүмеңдеп жүретіні болмаса… Соның өзінде де келісудің орнына кеңірдегін созып керіл-десіп жатады. Айтпақшы, анау бір жақындасып-жандайла-сып… қара басып қалғанда да бір-бірін ендігәрі көрместей  екі жаққа шатқаяқтайтынын қайтерсің?! Қайсыбір білгіштер айтқандай, осы шіркіндер шынымен-ақ Қасқырдың азғындаған түрі-ау деймін? Қасқырдың аржағында Көкжал арлан… Оның аржағында Көкбөрі… Көкбөрінің аржағын-да… Не боп барады өзі? Қой, долбарламай осы арадан доғара қояйын…

И. Сапарбай

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *