Шәйхана

Екі кесе, бір шәйнек Шәйханаға бас сұқтым. “Келіңіз, төрлетіңіз. Не қалайсыз?” деді. Қыз қиылып. – Көк шәйдан болса… – Қазір, аға… Қыз қимылы ылдым-жылдым екен, ә дегенше алдыма екі кесе, бір шәйнекті қоя берді. Бұлдырықтай ғана ыстық самса буы бұрқырап тәбет шақырды. “Екі кесесі несі, бір кесе де жетпей ме? Әлде, қасыма келіп…” – Мына кесенің біреуі…– дей бердім жанай өтіп бара жатқан Қызға, – мен өзім ғанамын ғой?..– Жалғыз отырған кісіге жалғыз кесе әкелу жақсы ырымға жатпайды. Мұны маған анам айтқан… Періште пейіл, тәтті жымиыс. Ішім уылжып сала берді. “Анасын көр де, қызын ал…” Әлденелерді күбірлеп кетсем керек. – Аға, шәйіңіз суып қалды ғой, жаңартып әкелейін бе? Тағы сол мәйін мақам, тәтті лебіз… Жанары жауды-рап жанымда тұр. – Жо-жоқ, рахмет, жаным…Тағы да тіл ұшына әлдебір сөздер орала берді: Қаласам, шәй да дайын, мәй де дайын, Қарғам-ау, қалай саған жәй қарайын… Бейіштің самалындай сәруәр бейіл “Анаңнан сені тапқан айналайын”!.

И. Сапарбай

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *