Ішімді ірің жайлап барады. Күресерге дәрмен, алы-сарға пәрмен, егесерге жәрдем жоқ. Әттеген-ай, ашыған айран болсам, ащысыраған біреу-міреу сіміріп салар ма еді?! Е елге себім жоқ, е ертеңге сенім жоқ. Сыртым бүтін, ішім түтін. Жанартау құсап жалын бүркіп, от құсқанға не жетсін, шіркін!..
И. Сапарбай