Пифагор

Фашегурс (Пифагор) данышпан өзінен кейінгіге былай деп өсиет қалдырыпты: “Он түрлі қасиетке ие болғың келсе, мыналарды жадыңда сақта: Бірінші – өзіңнен күшті, үлкен ұлықпен ұрыспа. Екінші – қызылөңеш қызбалармен мәжілістес болма. Үшінші – одағай, ожар мінезді адамдармен алысып-жұлыспа. Төртінші – надан адамдармен пікір таластырушы болма, бәрібір жеңе алмайсың. Бесінші – екіжүзді адамдармен дос болма, қарым-қа-тынасты үзуді кешіктірмеген жөн. Алтыншы – жалғаншыл жылпоспен мәміле қылма, уағда байласпа. Жетінші – бақылмен сұхбаттас болма. Сегізінші – қызғаншақ, іші тар адаммен шарап ішпе, дастархандас болма. Тоғызыншы – қатын-қалашпен бір жерде көп отырып қалушы болма. Оныншы – сырыңды ешкімге айтпа, абайсызда абыройың төгілмесін.

И. Сапарбай

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *