Қалаш қаласы

Көне деректерге көз қандыра отырып кейде қырық кез құдықтан қауғамен су тартқандай әсерде қаласың. Шәжіраи (шежіре) “Насабнамада” мынадай жолдар бар: “Райс дариячасының бойында қорған бина қылып, жеті күнде тамам қылып, мұғ черикидин хабар алдыра йу-барган ғазилар (оғыздар, халлуктар дегені) 3000 тарсалар ічіндаки мұсұлманларны кочуруб алыб келділар…” Харса хушхал халқының йоқсызлығыны коруб, қорғанға кочуруб, Қалаш ат беріб, илгари тушуб…”Қалаш қаласы хақындағы мағлұмат қазақ арасына тараған діни дастандарда да кездеседі. Мысалы: “Ноғайлы деген ел еді, Қалаш деген шаһардың Падишасын Жамал дер еді. Атырабы қырық күндік, Төңірегі шөл еді…”“Мұңлы Сейіл” дастанынан алынып отырған бұл жолдар нені меңзейді? Тарихшыларымыздың бұдан хабары бар ма? “Насабнамадан” ше? Айта кететін нәрсе, әлі күнге дейін Арыс теміржол стансасы мен Бадам арасында Қалаш деген шап-шағын ғана бекет бар. Құпия құлыптың кілті осы жерде көмулі жатқан жоқ па екен?..

И. Сапарбай

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *