Уақыт пен оның шежіресі – Тарих қана бәрін өз орнына қояды. Мәселен, Пушкин дәуірінде Нестор Кукольникті поэзия оқырмандары алақанға салып, аспанға көтере дәріптеп бақты. Әуелі мұны дуалы ауыз сыншылар бас-тап берді. Келе-келе керісінше болды. Аптық басылды, ақиқат ашылды. Ақылды алға салып ақ күймеге пар ат жеккен Парасат “паһ, шіркін” деп даурыққан жоқ. Теңіздей толқыған, темірдей балқыған поэзия өз дегенін істеді – Уақыт жадында, адамдар санасында Пушкин қалды. Обалы не керек, Кукольник те осал ақын емес еді..
И. Сапарбай