Түйеқұсқа: “Қанатың бар ғой, ұшсаңшы?” десе, “Мен түйемін” дейтін көрінеді. “Е, ендеше жақсы болды, арқаңа жүк артайық” десе “Мен құспын!” деп кергиді екен. Сол айтқандай, бізде небір кержалқаулар бар-ay… Тіпті, осы Түйеқұсыңыз тұлабойымен қазақ деген халықтың менталитетін меңзей ме, қалай?.. Мың жылдық арман Паустовский айтады: “Ана тілін ұмытқан адам – Отанға аса қауіпті!” деп. Мен айтамын: “Сол аса қауіпті адамдардың қаншасы қазаққа тиесілі қара қазанның құлағын ұстап отыр?..” деп. Абай тұсындағы “Қазақтың жауы – қазақ” қазақтың санасынан қашан сылынып тастар екен?
И. Сапарбай