Жалаңаш ұрғашы кейпін экраннан, яки газет-журналдан көре қалсақ, ұялғансып, қызарғансып қалатынымыз бар. Онымен тұрмай көптің көзін ала беріп ұрлана үңіліп, сұқтана қарайтынымызды қайтерсің?! Бұл не? “Көрмегенге көсеу таң” ба, әлде тән жалаңаштанып, жан шаламастанып, лыпа жұқарып, иба азайып, есесіне иман-сыздық етек алып бара ма? Қазақ үшін абырой бүркеулі, ұят шіркеулі болмайтын ба еді ежелден? Ал ар-ұяттан, абыройдан ада-күде айрылған мына қоғамды жалаңаш демей не дейік? Қысылмаған қыз, қымсынбаған ұрғашы, тәйірі-ай, кімге дәрі? Мұндайда Абайшалап еріксіз:
“Бетті бастым,
Қатты састым,
Тұра қаштым жалма-жан”
дейміз бе, қайтеміз? Қаш-қанда қайда бармақпыз? Қоғамнан тыс өмір бар ма, за-маннан тыс қоғам бар ма?..
И. Сапарбай