Сахабаларының бірі Пайғамбарымыздан: “Ей, Расулулла, қайсы қасиеттер исламда ең үлгі һәм қадірлі саналады?” деп сұрағанда: “Аш-арыққа тағам бергенің, танитын-танымайтынға сәлем бергенің” деген жауап алады. Хадисте бұған қоса: “Өзің тоя жеп, көршің аш-жалаңаш отырса, Алла алдында да, адам алдында да күнәға батқаның” деген сөз бар.Біздің қазақы ортада бұған керісінше “танымасты сыйламас” деген ұғым орныққан. Бұл не – ұлттық мінез ерекшелігіміз бе, әлде ислами ибаға исіне қоймаға-нымыз ба? Жарайды, бұрынғыны бұрынғы делік, қазіргі қазақ қандай? Арамызда, Құдайын былай қойғанда, әкесін танымай бара жатқандар аз ба? Құлқын мешітке емес – мешкейлікке, аш-арыққа емес – ашкөздікке, дар-қандыққа емес – дарақы даңғойлыққа жеңдіргендердің әлгіндей аталы сөзге, баталы байламға құлақ аспауы қалай? “Құдайдан қорықпағаннан қорық” дегенді қазақ өзіне емей кімге айтқан? Әлде… “Айтып істеген ұрлық-тың айыбы жоқ” па?Жиырма бірінші ғасырдың қазағы қандай болар екен?.
И. Сапарбай