Ғибадат – киелі жай, қасиет мекені. Тектілік төркінін де кішіпейілділік жатады. Момын (муһмин), мүсәпірлік ұғымын қаймана қазақ өз керегінше қарабайырландырып алғаны болмаса, мұсылмандық түсінігінде олар имандылық ишарасына ие. Ал имандылық дарағы, анау-мынау емес, алпыстан аса бұтақтан тұрады. Абайлаңыз, ол сіздің ағзаңыздағы алпыс екі тамырыңыз болып жүр-месін… Алла тағала мен оның пенделерінен ұялу – осы бұтақтардың тек біреуі ғана екенін ескерсек, Абай айтпақшы, кемел адам болу екінің бірінің қолынан келе ме? Алла тағаланың періштелеріне: “Жүрегінде зәрредей иманы бар адамды тозақтан азат ет!” деп әмір беруінде кеңпейілділік пен кешірімділіктің шынайы үлгісі жатқан жоқ па? Ей, жер басып жүрген (жетесіз) пенде, осыдан кейін сізге енді не керек?!.
И. Сапарбай