Адамның жасы

Алла тағала Адамды өз құдіретімен жаратып болған соң оған қарата былай депті: “Сені өзім үшін жараттым. Жер бетіндегі күллі жан-жануар мен өсімдік атаулы сенің иелігің һәм игілігің. Сен олардың бәрінен де ұлық-сың, бәрінен үстемсің. Саған аз-көп емес, 20 жыл өмір бердім. Өн, өс…”Сонда Адам: “Қайыр қылсаң, бүтін қылмайсың ба? Осыншама кең де жарық дүниенің қызығын көру үшін бар болғаны жиырма-ақ жыл бергенің не?” дей бергенін-де, Алла тағала: “Өзіңнен басқа да тіршілік иелері бар екенін ұмытпағайсың” деп жүзін Есекке бұрыпты: “Өле-өлгенше арқаңнан жүк түспейді. Еңбегің тер, тұзың сор, тағдырдан алған несібең сол. Саған сол себепті 30 жыл жетеді” дегенде, Есек байғұс ақырып-өкіріп Алланың алдына құлай кетіпті: “Ойбай-ау, өмірім қор, тұзым сор болса, маған мұнша жастың керегі не?”Мұны ести сала Адам: “Олай болса сол отыздың жартысын маған қиыңызшы?” деп өтініпті. “Жарайды, солай-ақ болсын” деп Жаратқан ие Итке иек қағыпты: “Сен, Ит, мына адамға бірден-бір көмекші боласың. “Жат” десе, жатасың, “тұр” десе, тұрасың, “үр” десе, үресің. Өзіңде ерік болмайды, бар несібең Адамның мойнында. Олай болса саған 20 жыл жетіп қалар” дегенде, “Мұндай мырзалығың бар болсын. Өз еркім өзімде болмаса, мұн-ша жасты аталама езіп ішем бе?!” деп Итекең де назалана қыңсылай бастапты. Адам қарап тұрмай: “Ендеше, Иттің де жарты жасын маған қия қойыңыз” депті.Кезек Маймылға келіпті. “Ұсқыныңды Адамға ұқсатып жаратқаныммен, – депті Алла тағала оған, – бүкіл іс-қимыл әрекетің балаға ұқсайды. Туғаннан өлгенге дейін белің бүкшиюмен, қабағың түксиюмен өтеді. Әйтсе де са-ған жомарттығым ұстап 50 жыл ғұмыр сыйладым!” депті. Сонда Маймыл Хақ тағаланың алдына етбеттеп жата кетіп зар қағыпты: “Адамды былай қойғанда, бала ғұрлы миым болмаса, оның үстіне өле-өлгенше белім бүкшию-мен өтсе, мұндай ұзақ өмірдің маған не керегі бар?”Адам тағы да араға түсе кетіп: “Онда Маймылдың азар-безер болған жасының жартысын маған бере қойы-ңыз, Жаратқан ием?” деген екен. Алла тағала Адамнан несін аясын, “мақұл” деп меселін қайтармапты.Жаратқаннан жалынбай алған 20 жасында Адам алаң-дау былай тұрсын, уайым-қайғысыз жастық шағын өткі-зеді. Ал 30 бен 40-тың арасында есекше еңбек етіп, тірлік қамытын мойнына іледі. 40 пен 50-дің арасында, қала-дың-қаламадың, әркіммен бір арпылдасқан-алысқан ит-ырғылжың өмір басталады. Ал 50-ден арғы өмірде Адам өзінің емес, бала-шағаның қамын ойлай-ойлай қартайып, немереге мөлиіп, шөберемен шөмиіп, бала құсап жан-жағына жәутеңкөзденіп қалады. Қазақтың “Қартайғанда бала боласың” дейтіні осыдан…

И. Сапарбай

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *