Арийлер империясы

Мына парадоксты қараңыз: “Арийлер империясын” құрмақ болған Гитлердің ең алғашқы құрбандығы бас-қа емес, өз отандасы – Ницше. Бірі – арий тұқымының ақикөзі, екіншісі – адамзат қауымының ақиығы. Бірі – бүлдіргіш күш, екіншісі – ақыл-ой кемеңгері. Бірі – құ-ныкер, екіншісі – құрбандық. Бұлай деуіміздің себебі – алдыңғысы 1889 жылы дүниеге келсе, екіншісі сол жылы көз жұмған. Ақыл-ойдан баз кешіп, әсіреарийлік-ке бой алдырған ұрдажық ұлтшылдық қызды-қыздыға келгенде қызыл қанмен шөл қандырып, дүйім дүниені алатайдай бүлдірді. Әрине, бұл Алла әмірінен тыс әрекет еді. “Арийлер империясы” іске аспай әдірем қалды. Алапаттың бетін қайтарған “Қызыл империяның” да жарты ғасырға жетер-жетпесте желкесі үзілді. Ал Ницше әлі тірі!

И. Сапарбай

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *