Үміт – Күдік пен Сенімнің арасындағы алашапқын елші. Анау екеуі төрге таласып жүргенде ол босаға ба-ғып отырады. Қалғу-мүлгу былай тұрсын, екеуін көзден таса қалдырмайды. Екеуі бір-бірін әлдеқашан жеп қояр ма еді, амал не, Үміт қара үздірмейді. Адам тағдырының таразының қай табағынан табылмағы Үміттің таңдауын-да. Дүние ұршығында Үміттің үзілген күні Күдік бел алады, Сенім жоғалады. Аржағы айтпаса да түсінікті…
И. Сапарбай