Алпыс екі тамырыңда күндіз-түні аққан қаныңда да, жүрегіңнің бір түкпірінде жасырынған жаныңда да Үрейдің үкі көзі менмұндалап тұр. Ұйқы көрмейтін, тыным бермейтін, қусаң қуысыңнан шықпайтын сол Үрей көзің жұмылғанша көлеңкеңе айналып сенен бір елі қал-майды. Оны қуатын да, қайта туатын да сенде хәл жоқ. Аурудан айығуға, дерттен арылуға болар, ал Үрейден… өз қолыңмен өзіңді өлтіргенде ғана құтыласың! Бірақ, өкініштісі сол, өзін-өзі өлтірген адамды, Құдайдың құп көруі былай тұрсын, ешкім не қорқақ, не батыр демейді.
И. Сапарбай