Империялық індет

Адамзаттық тағдыр мен әлем оқиғаларының қайнаған қазанына Ресей жұрты қанша түсті, қанша пісті… Ал қаншама ұлт-ұлыс мұның бәрінен болмағанмен денінен шет-шалғай, бәндәуи ғұмыр кешіп жатты. Ыстық от пен мұздай суда шарболаттай шыңдалған орыс тағдыры әлі талай-талай талас-тартыстар мен тебіңгі үзер тентексүрең текетірестерді басынан өткізіп, әлі талай-талай таңғажайып тамаша ұлдар туғызатыны айдан анық, бесене-ден белгілі. Империя құлағанымен, ұлан-байтақ жерді мекендеп жатқан орыс рухы орыс жұртына талақ тастап кете қойған жоқ, кетпейді де. Пушкині, Есенині, Толсто-йы, Чеховы, Гоголі… бар ел өзгелерден қашанда еңселі. Империялық індет тақтан тайғанағанымен, әлі толайым тоқыраған жоқ. Ол тек орыс шовинизмінің менмендік, астамшылдық әпербақан әсіре мінезін ғана әшкереледі. Орыс тектілігі, орыс рухы сол баяғы қалпында.

И. Сапарбай

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *