Жас ақын жаңа туған Ай сияқты. Бірте-бірте сәуле-леніп, дөңгеленіп, жарығы молығады, жамалы толыға-ды. Аспанның ажарын ашып, айналаға саумал бүркіп, өзі де қорғасындай балқып, аққудай қалқып, әтірдей аңқып бара жатады. Жаңаның аты жаңа, жастың аты жас. Оған көңілі құлап, көз тастамаған адам болмайды. Жаңа дегеніміз – жаңалық, жас дегеніміз – жасампаздық! Жаңалық пен Жасампаздық – жаратылыс сыйы. Ол – ұлттың үлесі, халықтың қазынасы, ашылған жаңа рухани әлем, кеуде кеніші.Сол жас ақыныңыз (жазушыңыз) өсе келе, есейе келе сәбилік, періштелік пәк, таза табиғатын сақтап қала ала ма? Жанындағының бәрі жақсы еместігін, маңындағының бәрі дос еместігін сезіне ала ма? Бәрінен де бұрын киелі өнерге иелі бола ала ма? Міне, бар гәп осында. Жанбай жатып өшкенді, қонбай жатып көшкенді онсыз да аз көріп жүргеніміз жоқ. Оның кімге қажеті бар дейсіз?! Тәңір сыйына опасыздық жасау да күнәнің ең үлкені саналады. Алла мейіріне кенелгір, адам алғысына бөленгір, айналайын, жас буын, өзіңе-өзің абай бол!.
И. Сапарбай