Жаза

Жазаның түр-түрі болады. Ұстаз шәкіртін бұрышқа тұрғызып қояды. Ұры, қары, қарақшы, баскесерлер де өздеріне лайықты жазасын алып жатады. Жұдырықтай бөдене де себетке қамалып жарық дүние кеңістігіне шыға алмай жапа шегеді. Құдай қанат берген титымдай құсты адам торға қамаса, бұл қиянат емей немене? Аны-ғында, бөдененің сайрағаны – жылағаны. Бағынан без-ген бұлбұл да тағынан тайған ханнан кем құса көрмейді. Адамның адам болып туып, адам боп өлуі де бір ерлік! Ал адамдықтан айнып, айуандық сықпытқа түскендер-ге қандай жаза лайықты? Хайуанаттың да жыртқышы мен құртқышы, сүйкімдісі мен сиқырлысы болады емес пе? Егер ақын: “Қайтсең, адам, қаласың адам болып?” деп күллі адамзат қауымына арнап сауал тастаса, бұл да еріккеннің сөзі емес шығар-ау. Бір ғажабы, сонау (тү-некте емес) түбекте жатқан Бекет әулие (Пір) осы сауал төркінін елден бұрын аңғарып, оған елден бұрын жауап тапқан сияқты:“Шайтанға ерген пендені Шариғатпен жазала…”Жоқ, кешірерсіз, бұл жауап емес, үкім, кесім!

И. Сапарбай

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *