Әсер

Қараңғы түнде тау қалғып,

Ұйқыға кетер балбырап.

Даланы түгел дел-сал ғып

Түн басады салбырап…

Қара іңір ме екен, жарым түн бе екен, әйтеуір, марғау да меңіреу бір сәтте даланы шетке, тауды бетке алып әлдебір жаққа маңып бара жатасыз. Тылсым күрсінге толы әлдебір дыбыс, әлдебір үн жан-жағыңыздан жамырап, түн ішінен күнді іздеп күңіренгендей болады. Көңіліңіз әлем-жәлем күй кешіп, көкірегіңіз шерге толады. Аяғыңыз жаяулайды, жүрісіңіз баяулайды. Таң әлі ұзақ, түн әлі тұңғиық. Қал-ғып-мүлгіген тау әрі-беріден соң көз алдыңызда көрінуден қалады. Мамыр да марғау, мылқау да меңіреу тіршілік… Таң атса екен тезірек, түрегелсе екен төңірек!.

И. Сапарбай

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *