Алла елшісі және жамағат

Алты бірдей сахаба – Әбузар Ғаффари, Салман Фарси, Аккаша Абдолла, ибн Мақсұт, Әбу Дардах және Ақлама Хазірет Мұхаммед пайғамбардың құзырына бас сұққанда, Ол кісі көңілсіз отыр екен. “Ей, Расулулла, – дейді олар, – көңіліңіз сынық сияқты, себебі не?” Сонда Пайғамбарымыз: “Сахабаларымның біразы шариғатқа ниет қойғанымен, жамағаттың жағдайынан бейхабар. Көпшіліктің намазына бұл нұқсан келтірмес пе  екен деп қапаланып отырмын…” деген екен. Алла елшісіне тән осынау жұмсақ жүрек, ізгі ниет, көлпар көңіл, қамқор қасиет… мұқым мұсылман қауымын былай қойғанда, ел билігіндегі азаматтардың ылғи да есінде жүрсе, ар-ұяттарына нұқсан келмес еді-ау дейсің…

И. Сапарбай

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *