Билік. Анықтаманы керек етпейтін атау. Әйткенмен, Би мен Биліктің ара алшақтығы жер мен көктей. Қазақ даласындағы еңсегей елдіктің елеулі де қалаулы бір көрінісі – Билер төбесі мен кеңесі еді. Оған үш жүздің атақты үш биі және ел-ел, жер-жердегі басқа да ауызы уәлі, сөзі дуалы, келбеті кенен, ақылы терең игі жақсы-лар куә. Бүгінгі Билік кешегі Билер кеңесін алмасты-ра алды ма? Жоқ. Неге? Неге десеңіз, “билік айту” бір басқа, “билік құру” бір басқа. Алғашқысы – халықтың алдында, не ішінде, кейінгісі – үстінде, не үстемдігін-де. Үстемдік, гегемондық ешқашанда елдің ішіне ене алмайды, аты мен заты Билік болған соң. Ал Би (билер) ше? Ол – әділет. Ол – ақиқат. Ол – заң. Ол – үкім. Ол – кесім. Ол – келісім… Айтқаны – айтқан, дегені – деген! “Турабиде туған жоқ”. Халық құба-құп. “Лік” жалғаулығы жармасып, жабысып алғалы бері Билік бұл қасиетті қағида-лардың бәрінен болмағанымен, денінен ада-күде айрылып қалды. Айрылудың екінші бір айғағы – бөліну. Халық, әсі-ресе, қазақ бөлінуді аса жақсы көрмейді. “Бөлінгенді бөрі жейді” осыдан қалған. Үйірден безсе – саяқ, үйінен безсе – кезбе, халықтан безсе – өзге. Өзгеленген Билік сөзге көн-ген көнпіс көпшілікті еншілесе еншілер, елеп-есіркемейді. Тұма-тұнық тазалықты Туажаттан іздеп әуре болмаңыз.
И. Сапарбай