Ұлы адамдар

Ұлы адамдардың жүрегін қашанда ұлы армандар әлдилейді. Арман әлдилеп, тербеткен жүректің кеуденің тар қуысына симай әманда азат кеңістікті, бостан бола-шақты аңсайтыны осыдан. Тағдырдың жазуымен мәңгі тұтқынға түскен жүректің зар-мұңын, арзу-арманын Тәңірім болмаса, пешенелі пенде қауымы қайдан ұға қойсын, тәйірі!.. Арманшыл жүректің тағдыры аспан-шыл қыранның талайымен тақауласып жатса, бұған не дерсің?! Сонау жиырмасыншы жылдардың өзінде: “Тәуелсіздік-ке ие болар күн туа қалса, мен ең алдымен өз халқым-ның және өзге халықтардың тарихы туралы кітап жазу-ға отырар едім. Бұл – өзара ұғынысуға өте-мөте керек” депті Мұстапа Шоқай.Ұлы күрескердің ұрпағы бүгінгі тәуелсіздік қадірін ұлы арман иесінше ұғына алса, бұдан артық үлгі-өнеге бар ма, шіркін-ай!..

И.Сапарай

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *