Пушкин туралы

Пушкиннің әжесі қалмақ қызы болған. Сол Пушкин былай дейді: “Мен өз Отанымды, жеме-жемге келген-де, жерден алып, жерге салуым мүмкін, бірақ оны бөгде адамдардың тілдеуіне ешқашан да жол бере алмаймын!”Намысшыл ақын ақыр соңында жаттың жалғыз оғына жанын қалқан етті емес пе?! Шалғайына шаң жұқтыр-ғысы келмейтін шалағай отаншылдардың шала-шарпы шалдуар түсінігі Пушкин кісілігі алдында ат шалдыра алар ма екен, сірә?!
 
И.Сапарбай
 
 
 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *