Адамның он екі мүшесінің бәрі дерлік Алла тағала тарапынан аманат арқаланған. КӨЗ аманаты – шариғат рұхсат еткен нәрселерге ғана қарап, шариғат қош көрме-ген нәрселерді назарға алмауды қалайды. ҚҰЛАҚ ама-наты – жағымсыз, өрескел, ғайбат сөздерді, естіген күнде де қаперге алмауды үндейді. ТІЛ аманаты – әділі мен ақиқатын айтпақ, шын сөйлемек керек екендігін алға тартып, өтірік, өсек, алып-қашты әңгімелерден аулақ болуды нысанаға алады. ҚОЛ аманаты – дүниенің ал-дамшы байлығына, жалғанның жасанды жылтырағына алданбауды, өзгенің мүлкі мен затына сұқтанбауды, сұ-ғанақтық жасамауды жақтайды. Ал АЯҚ аманаты – түзу жолдан бұрыс кетіп, қия баспауды, керісінше, қайырлы, мейірлі іске көбірек қадам жасауды қалайды…Мақсатты адам жақсы атты боламын десе, аманатқа қиянат жасамағаны абзал. Мұндай адам Алла нұрының аясында алғысқа бөленеді, шарапат-шафқатқа кенеледі.
И.Сапарбай