Сәруәр көңіл, сардар пейіл сахы адам қай кемшілігімен де ананың сүйкімді ұлы, Алланың сүйікті құлы. Іші қара қазымыр һәм қызғаншақ адам қай артықшылығына қарамастан Алланың азғын пендесі. Сахылық пен ізгілік – саралық пен даралықтың сәні мен сәулеті. Дүниенің дәулеті де, адамзаттың әулеті де оның жанына жақын, маңына мақұл. Назым: – Кезгеніммен барша дүние бақтарын, Сахылыққа сай сияпат таппадым. Немесе: Дұшпаныңның сахылықпен мысын бас, Ол да, бәлкім, саған уын ұсынбас…
И.Сапарбай