Биліктегілер өздерін биіктемін деп ойлайды. Солай
ойлаған соң да бірде болмаса, бірде бастары айналады.
Басы айналған адам, әрине, құлайды. Құздан құлаған
құлжадай. Ол құлаған соң алаңдардағы ескерткіштер де
құлайды. Тұғырынан. Тұғырға басқа біреу қонады, дұрысы – қонжияды… Біз білетін “Перпетум мобиленің” бір сықпыты осындай.