Қайран дала тіл мен діннен айырыла жаз-дап, қыздардан бұрым, ұлдардан тұлым кетіп, ұлт мектептері көптеп жабылып жатқан сонау бір сорақы жылдарда «Мен – қазақпын» деген ақын даусы арлы дастан боп естілген еді. Осы-дан 10 жыл бұрын бүкіл дүниені қазақ даласы-на жалт қаратқан Желтоқсан оқиғасы кезінде де оның үні өзгелерден бөлек те айқын шықты. Ол өз лауазымы, өз ошағының басының халі үшін ар-ожданы мен ақындық, азаматтық борышына көлеңке түсірген жоқ. Жағым-сыз хаттарға қол қоюдан бас тартты да, ұлты үшін ұлы айтатын сөзді қаймықпай қасқая қарап айта білді. Сол ақын Жұбан Молдағалиевтің Батыс Қазақстан облысындағы туған жері Өлеңтіде, қазір ақын атындағы шаруа-шылықта жерлестері әдемі ескерткіш тұрғыз-ған еді. Жанарын алысқа тігіп, басын өте биік
ұстап егінді даламен адымдай басып, ақ бидай тізесіне соғылып Жұбан ақын келе жатқан -дай әсер беретін бұл ескерткіш. Өте сәтті шыққан. Ерін сыйлаған елге мың рахмет!Қазіргі нарық қиыншылықтары кезінде алыс ауылдар күнкөріс қарекетімен жұмыс іздеп көше бастады. Сонау түкпірде қалған шаруашылықтың үстінен елді мекендерді байланыстырар үлкен жол шамалы, онда да тіршілік саябырлағандай. Арнайы тапсырмамен ел кезген жолаушы да жоқтың қасы, өзге жақтан бөгде адам қатынаспай қалды. Ен деше ол ескерткішті сол ауылдың шетінен мал айдаған саналы тұрғындар мен шағын мектеп шәкірттері көреді де қояды. Олар Жұбанды онсыз да жақсы білетіндер, кіндік қаны тамған жерінің түлектері. Ал ақын Ж. Молдағалиев бір ауылдың көлемінен, бір аудан-ның ауқымынан әлдеқашан шығып кеткен, бүкіл қазаққа ортақ ұлттық мақтанышқа ай-налып бара жатқан тұлға. Ендеше ақылға са-лып, парасатпен ойлансақ, оның осы ескерткіші Орал қаласындағы бір алаңға өте лайық. Егемендік алған ел өзгелердің қатарына өз ұлдарын қояр уақыт келді. Және облыс орта-лығынан сан тарапқа жол кетеді, алуан түрлі жолаушы өтеді, әр түкпірден келген жастар оқиды, қала мектептері түрлі шара ұйымдастыра алады. Сөйтіп, ақын күніге талайлар-мен жүздесіп, одардың намысын оятуға се-бепкер болып тұрар еді. Ел болып ойланып, сан-саққа тартпай, па-расатты азаматтар сол ескерткішті қалаға әке-ліп орнатуға қызмет еткендері жөн болар еді. Туған ауыл ақын атында, кейін шағын ескерт-кішін онда да орнату қиын емес. Олар Өлеңті-де туған ұлдың алыстарға аты кете беруіне қарсылық көрсетпес деп ойлаймын. Сан ұлт көріп, Өлеңтінің ұлына тағзым етіп жүргені елге де абырой емес пе?! Олар үлкен жүректі ақынымен мақтанып, өздерін алыстарға та-ныта түссе екен деп едім.
Ақұштап Бақтыгереева