Ерке өстім, көргенім жоқ азап кешіп.
Тіршілік, өмір заңы ғажап, нешік!
Бір кезде маған жайлы орын болды-ау
Бір қолмен тербетілген қазақ бесік.
Бесіктен өзің едің шешіп алған,
Қызыңның болып еді өсуі арман.
Бір кезде құндағыңа сыйған сәби
Үйіңе сыймай кетсе, кешір, Анам!
Ақұштап Бақтыгереева