Алғаш өлең оқығанда

Көп айтты бүгін маған ақын аға
«Оқы, – деп, – өлеңіңді сахнада».
Кім білсін, тыңдаушылар күлкі ете ме,
Қол соғып әлдеқайда шақыра ма?!
Сөзімнің қисыны әлі табылмаған,
Емеспін тау суындай ағындаған.
Ақынды сыйлап өскен ұлт емес пе,
Қарайды зор үмітпен бәрі маған.
Болса да кемшілігі, жетпегені,
Ұсындым балғын жырды көпке, міне.
Сол күнгі ду соғылған шапалақтар
Көтеріп жібергендей көкке мені.
 
Ақұштап Бақтыгереева
 
 
 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *