Таң

Шың басын алаулатып шығыс нұры,
Құрақтың мөлтілдейді күміс шығы.
Ұйқыда орман-дала, құстар әлі,
Даланың бәз қалпында тыныштығы.
Алыстап Үркер қайда асықты екен?
Әлде одан таңның нұры асып па екен?
Ал Шолпан жалғыз қалып, тапжылмайды,
Жердегі бір жігітке ғашық па екен?
 
Ақұштап Бақтыгереева
 
 
 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *