ӨЗ СӨЗІҢЕ ҚҰЛАҚ САЛ



Біздің позициямыз бен әрекетімізді өзіміздің парадигмамыз анықтайды,
сондықтан оларды терең талдау арқылы түпнегізінде жатқан «карталар» туралы түсінігіміз қалыптасады. Біздің сөйлеу мәнеріміз проактивтілік деңгейін анағұрлым нақты көрсетеді. Реактив адамдар бір нәрсе айтқанда, жауапкершіліктен қашқақтап сөйлейді.
— Мен сондаймын (Менің болмысым — осы. Оған ештеңе істей алмаймын).
Ол менің шамыма тиіп бітті! (Өзіме жауап бермеймін! Менің көңіл күйімді өзіме бағынбайтын әлдене басқарып түр).
— Мен мұны жасай алмаймын. Уақытым жоқ. (Сыртқы жағдай мүмкіндік бермей тұр — уақыт тапшылығы) .
— Әйелім кішкене төзімді болса ғой. (Өзге адамдардың әрекеті менің
тиімділігімді шектейді).
— Маған осылай етуге тура келді. (Жағдай осылай жасауға мәжбүр
етті. Өз әрекетімді таңдау еркіндігім жоқ).

РЕАКТИВ СӨЙЛЕУ МӘНЕРІ ПРОАКТИВ СӨЙЛЕУ МӘНЕРІ

Қолымнан ештеңе келмейді. Қандай мүмкіндік барын көрейік
Мен осындаймын. Мен басқа амалын жасай аламын.
Ол менің ашуымды келтіреді Мен өзімді ұстай аламын.
Одар бұған келіспейді. Мен өтімді презентация даярлай аламын
Осылай етуге мәжбүрмін. Мен жасай алмаймын
Менің… шамам жок. Мен… таңцаймын.
М ен… мәжбүрмін Мен… калаймын.
Егер… Мен… істеймін.
Реактив адамның сөз мәнері детерменизм парадигмасына негізделген, оның
мінез-құлқының сарыны — жауапкершілікті басқаның мойнына ілу. Болып
жатқан жағдайға мен жауап бермеймін. Мен шешім қабылдай алмаймын.
Бірде студенттерімнің бірі менен рұксат сұрады:
— Мені сабақтан босата аласыз ба? Теннистен жарысқа қатысатын едім.
Сіз баруға мәжбүрсіз бе, әлде барам деп шешім қабылдадыңыз ба? —
деп сұрадым мен.
— Мен мәжбүрмін, — деп тіл қатты ол.
— Бармасаңыз не болады?
— Онда мені командадан шығарып тастайды.
— Сізге мұндай нәтиже ұнамай ма?
— Жоқ.
— Басқаша айтқанда, сіз командада қалу үшін барамын деп шештіңіз. Ал
менің сабағымнан калсаңыз не болады?
— Білмеймін.
— Ал сіз ойланып көріңіз. Сабаққа қатыспаудың табиғи салдары қандай
болуы мүмкін?
— Сіз мені сабағыңызға қатыстырмай қоятын шығарсыз…
— Бұл — әлеуметтік, яғни қолдан жасалған салдары. Теннис командасынан мүшесі болмасаңыз, теннис ойнамайсыз. Бұл — қалыпты, табиғи салдары.
Ал сабақтан қалудың табиғи салдары қандай болуы мүмкін?
— Бәлкім, білімнен қағылармын?
— Өте дұрыс. Сондықтан осы екі жағдайды таразылап барып, таңдау жасаңыз. Мен сіздің орныңызда болсам, сөзсіз теннисті таңдар едім. Бірақ ешқашан солай істеуге мәжбүрмін деп айтпаңыз, жарай ма.
— Иә, жарысқа бару, бармауды өзім шешемін, — деді студентім.
— Менің сабағымнан қалу, қалмау да өз еркіңізде ме?! — деп жорта қабағымды түйіп, қатулана қалдым мен де.
Осындай реактив сөздердің өздігінен орындалатын болжамға айналуы —
өзекті мәселе. Адамдар әбден бекіген парадигмасының ықпалында қалатыны
сондай, өз сенімдерін ақтап алатын сылтау ойлап таба қояды. Олар өзін тым
шарасыз, өз өміріне жауап бере алмайтындай көреді. Басына түскен қиындықтың бәріне сыртқы күштерді — адамдарды, жағдайды, тіпті жұлдыздарды кінәлайды.
Проактив болу тұжырымы туралы семинарларымның бірінде тыңдарман
маған былай деп сұрақ қойды:
— Стивен, сіздің әңгімеңіз маған ұнап тұр. Алайда бір жағдай бір жағдайға
ұқсамайды. Мысалы, отбасылық өмірім. Қатты алаңдаймын. Зайыбым екеуіміздің бұрынғы маздаған сезіміміз өшіп қалғандай. Бәлкім, мен оны бұрынғыдай сүймейтін шығармын. Ол да мені… Не істесем болады?
— Түк сезім қалмады ма сонда? — деп сұрадым мен.
— Соны айтам. Үш баламыз бар. Солардың тағдыры қатты алаңдатады.
Қандай кеңес берер едіңіз?
— Сүйіңіз оны! — деп жауап қаттым мен.
— Айтып тұрмын ғой, оған деген сезімім суып қалған деп.
— Сүйіңіз оны!
— Сіз мені түсінбедіңіз-ау, сүйіспеншіліктің ізі де қалмады.
— Сонда да сүйіңіз! Сезім суынса, онда оны сүюге себептің табылғаны.
— Жүрек қаламай тұрса, қалай жақсы көремін.
— Тыңдашы, достым, «сүю» деген — етістік, ол әрекет етуді меңзейді. Махаббат — сезімнің, сүю — әрекеттің жемісі. Ендеше, сүйіңіз! Оған қызмет етіңіз! Оны тыңдаңыз. Сырласыңыз, мұңдас болыңыз. Оны бағалаңыз! Қолдаңыз! Қалай? Сіз енді оны сүюге дайынсыз ба? Әр дамыған қоғамның әдебиетінде «сүю» деген етістік жиі қолданылады. Реактив адамдар өздері сипаттайтын әрекетті сезімге айналдырып алады. Оларды сезімі басқарады. Голливуд жылдар бойы түсірген фильмдерімен «біз басымыздан өтіп жатқан жайттарға жауап бере алмаймыз — біз өз сезіміміздің
түтқынымыз» дегенге сендіріп әлек. Алайда Голливуд сценарийлері шындықтың объектив сипаттамасы емес. Әрекетімізді сезім басқарса, бар жауапкершіліктен қашып, солай боларына өзіміздің ерік бергеніміз.
Проактив жандар махаббатты әрекетке айналдырады. Сүю — бірдеңе істеу деген сөз: бірдеңені құрбан ету, баласына өмір сыйлаған ана секілді бар
жан-дүниеңмен берілу. Махаббаттың не екенін білгіңіз келсе, өзін өзгелер үшін құрбан еткен, тіпті ренжіткен адамына қызмет ететін, жауапсыз махаббатына адалдық танытатын адамдардың өмірін зерттеңіз. Ата-ана болсаңыз, өз балаңызға деген махаббатыңызды үлгіді. Соңғы алаңдау туғызған топты біріктіріп, оларды ықпал ету дейтін кішірек шеңберге сыйғызайық. Осы екі шеңбердің қайсына күш-қуатымыз бен уақытымызды көбірек жұмсағанымызға қарап, біздің проактивтік деңгейімізді анықтауға болады. Проактив адамдар бар күш-жігерін ықпал ету шеңберіне жұмсайды. Олар күш-жігерін өз ырқына бағынатын нәрсеге ғана бағыттайды. Олардың қуатының табиғаты позитив: ықпал ету шеңберін кеңейте түседі. Реактив адамдар, керісінше, өз күш-жігерін алаңдау шеңберіне бағыттайды. Олар бар назарын өзге адамның осалдығына, сыртқы ортаның түйткілдері мен жағдайларына, бір сөзбен айтқанда, өзінің шамасы жетпейтін құбылыстарға
аударады. Оны бітпейтін шағымданудан, айыптаулардан, реактив мінезге тән
шалыс пікірлерден, өзін жағдайдан жапа шегуші ретінде көрсетуінен байқауға болады. Осыдан шығатын негатив энергия мен басқа адамдардың қолынан келетін істерді менсінбеу кесірінен олардың ықпал ету шеңбері сығылып, аясы тарыла түседі. Алаңдау шеңберіне шамадан тыс назар аудару арқылы оның ішіндегіге өзімізді билеп-төстеуге ерік береміз. Оң өзгерістерге қажет проактив ниет білдірмейміз. Жоғарьща мектеп жасында қиындық көрген ұлым туралы айтқаным естеріңізде шығар. Сандра екеуіміз оның кемшіліктеріне, айналасындағылардың оған деген көзқарасына қатты алаңдадық. Алайда біріншісі де, екіншісі де біздің алаңдау шеңберіміздегі дүние еді. Бар күш-жігерімізді осы екеуіне салудан ештеңе ұтпадық, керісінше, өзіміздің қауқарсыздығымыз бен баламыздың бізге тәуелділігін одан бетер сезіне түстік. Тек ықпал ету шеңберімізге көңіл бөліп, өзіміздің парадигмамызда зейін қоя бастағанда ғана позитив қуатымыз артты. Соның арқасында өзіміз өзгеріп, ең ақырында, ұлымызға оң әсерін тигізді. Қалыптасқан жағдайды ойлап, сары уайымға салынғаннан гөрі, өзімізді өзгерту арқылы біз ұлымызға ықпал ете алдық. Кейде адамның қызметіне, қаржылық жағдайына, әлеуметтік статусына немесе байланыстарына қарай, оның ықпал ету шеңбері алаңдау шеңберінен кеңірек болады. Мұндай модельден алаңдау шеңберіне қатты екпін қоятын тағы бір реактив, өзімшіл тірлік байқаймыз. Бұл адамның алысты болжай алмайтын эмоциялық кемістігінің нәтижесі деуге болады. Проактив адамдардың алаңцау шеңбері ықпал ету шеңберінен кем болмайды. Мұндай адамдар өз ықпалын тиімді пайдалануға жауапкершілігін сезініп, оны алаңдау шеңберіндегі өзі үшін маңызды дүниелерге бағыттайды.

Стивен Кови
Жасампаз жандардың 7 дағдысы

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *