Махаббаттың масайып шарабына,
Есеңгiреп есiмнен айырылдым.
Нұр боп әлде бойыма таралды ма,
Саған неге соншама қайырылдым.
Елестетсем өзiңсiз өмiрiмдi
Налимын да қайғырып, жылаймын шын.
Iңкәрлiк билеп алды көңiлiмдi.
Жүрген едiм бұрындар уайымсыз.
Аңсаумен өтiп жатыр түндерiм де,
Қиялымда құс болып қалықтайсың.
Сүйгендiктен күтемiн күнде-күнде,
Ынтықпын ғой–тосудан жалықпаймын.
Күш тартады менi бiр саған қарай,
Өзiңсiз өмiр мүлде жабықтырды.
Рет-ретiмен қойылған бағанадай,
Еш қызықсыз, бiркелкi күндерiм де
Мезi еттi, қажытты, жалықтырды.
Құралай Омар