ҚАУЫЗ

 
Міне, масақ дұрыс сынды түр-түсі,
күміс сынды күлкісі:
Қауыз, қауыз!
Сылдыры бар, жоқ дәні,
О, құдайдың…
О, құдайдың соққаны!
Ал, сабақ сол… сол баяғы бір сылдыр,
ал, бос қауыз жүрегі жоқ көкірек,
мықты екенсің, күрсіндір!
Қанағаты қарынға ауған ол да ауыз,
түбі түскен ыдыс сынды жалмауыз.
Жел екпіндеп, күн төбеден жанғасын ол да өседі.
Құрт па, дерт пеқағып алған дән басын!
Күлме, достар, ей, күлмеңдер, күлмеңдер,
басын іздеп сипаласа ол жамбасын.
Жүрегі жоқ көкіректер, тыңдаңдар,
тыңдай білсең бос сөзде де бір мән бар.
Бірақ құрғақ сыбдырымен кімді алдар
О басында қауыз болып туғандар?
 
Жұмекен Нәжімеденов
 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *