ТАСЫМАЛ

Жазып келе жатқанда, жол аяғында орын аз қалып, сөз сыймайтын болса, ол сөзге тасымал керек яғни екі бөліп, бір бөлегін сол жолда қалдырып, екінші бөлегін келесі жолға асыру керек. Тасымал үшін əуелі, сөзді буынға бөлу, сыймаған буында-рын келесі жолға асыру. Бұл туралы қағида мынадай.

1). Тасымалдағанда əр буын бөлінбей я тұтас қалады, я тұтас асырылады. Мəселен, жол аяғында «шақырғанға» деген сөз тұтас сыймайды. Не істемек ке рек? – Сөзді дұрыстап буынға бөлу керек болады: «Шақырғанға», «ша» буынды қалдырып, басқаларын келесі жолға асыруға болады; я «шақыр» деген екі буынын қалдырып, басқаларын асыруға болады, я «ша-қыр-ған» деген буындарын қалдырып, жалғыз «ға» бу ынды асыруға да болады. Егерде «шақ» деп бөліп, қалғанын асырсақ яки «шақырға» деп бөліп, «нға»-ны асырсақ, дұрыс болмайды. Неге десек қағида бойынша буын бөлінбеске тиіс. Мұнда буындар бөлініп тұр яғни «шақ» деп бөлгенде, «қыр» буын екі бөлініп тұр: «шақырғанға» деп бөлгенде «ған» буын екі бөлініп тұр.

1). Жалғыз харіф буын бола тұрса да, қалынбайды да, асы-рылмайды да, мəселен, а-ға-лар деген сөзде бас буын жалғыз харіф «а». Қағида бойынша «а» өз алды на буын бола тұрса да қалынбайды яғни «а»-ны ғана қалдырып, басқа буындарын келесі жолға асырмаймыз.Сүйтіп, жолға сыймаған сөзді тасымалдау үшін не істеу ке-рек? Əуелі, сөзді буынға дұрыс бөлу; екінші, бір буын ды бөлмей, тұтас күйінде асыру; үшінші, жалғыз харіфті, буын бола тұрса да, қалдырмай келесі жолға асыру. Дағдыландыру. һəр түрлі сөздерді алып тасымалдатып үйрету.

Ахмет Байтұрсынов

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *