ОДАҒАЙ СӨЗ

Кей сөздер басқа сөздерден оңаша, одағай айтылады. Мəселен: апырым-ай, шошып кеттім ғой. Ай-қай, қай! Жаным жаңа райыс тапты ғой. Ай-қай! Менің өз үйім, кең сарайым боз үйім! Əлди-əлди! Ақ бөпем. Пай-пай! Қалай аяндайды? Ау-қау! деп дауыстап еді сиыр мөңіреді. Тарс-тұрс еткен мылтықтың дауысы естіледі. Сорап! Сорап! деген дауыс құлағыма келді. Апырым-ай! ай-қай-қай! ай-қай! əлди-əлди! пай-пай! ау-қау! тарс-тұрс! сорап! сорап! Осылай айтылатын сөздерді о дағай сөздер дейміз.Одағай сөз қазақ тілінде көп. Қуаныш, реніш, күйініш, уайым, қайғы жан күйзелгенде, тəн күйзелгенде, жан рахат тапқанда, тəн рахат тапқанда шығатын дыбыстар, дауыстар, айтылатын сөздер, жанды һəм жансыз заттардың дыбысын, дауысын еліктеп, айтатын сөздер, хайуандарға айтатын сөздер, дауыстар, шақырулар бəрі одағай сөз табына кіреді. Мəселен: əһ! ах! ой-бай-ай! жаным-ай! құдайым-ай! апырым-ай! ау! отағасы-ау! апырым-ау! ал! ай-қай-қай! е-е-е! Ой, Тəңірім-ай! Ойбай-ай! күс-күс! құр-құр! хош! қош, қош!, қош! құру! Шөре-шөре! ау-қау! сорап! шаум-шаум! кə! кə! шоқ-шоқ! əукім-əукім! өк! міш-міш! айт-айт! тарс-тұрс, дүңк-дүңк, сықыр-сықыр, тырс-тырс, сылдыр-сылдыр, күлдір-күлдір, тық-тық, күмп-күмп, сарт-сұрт, қаңқ-қаңқ, пыс-пыс. Сынау. Төмендегі сөйлемдерді көшіріп ішіндегі одағай сөздердің астын сызып көрсетіңдер. Алақай! Əкем кітап əкеп берді. Ойбай! Көзі аларып кетті. Бұ қорлықка қалай шыдармын, ойбай! Уһ! жаңа адам болдым ғой. Жарықтық-ау! Не істе дейсің? Ой Тəңірі-ай! Жоқ сөзді айтқаны несі. Апырым-ау! мына бала таласады. Ойбай-ау! Құдай-ау! мынасы кім еді? Е-е-е! манағы көрген адамым сол екен ғой. Қой! жай отыршы. Күс-күс! жануар. «Əукім-əукім» деп еді, сиыр тыпырлағанын қойды. «Сорап-сорап» деген дауысты естіп түйелер құдыққа келді. Арбаға сиыр сүйкеліп жа-тыр «Өк!» деші. Түйе тұрып кетер, «шоқ-шоқ!» деп тұрғайсың. Қамыс ішінен «тарс-тұрс» еткен мылтық дауысы шықты. «Күмп-күмп» пісіп сабадан қымыз құйды.Күлдір-күлдір кісінетіп күрең мінген бар ма екен? Ал, келдік жаман жерге енді сақтан. Ай-қай! менің өз үйім.

Ахмет Байтұрсынұлы

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *