Кей сөздер жалғау орнына жүреді һəм жалғаулар сияқты басқа сөздердің шылауында тұрмаса, өз алдына мағына шықпайды. Сондай сөздерді жалғаулық дейміз. Жалғаулық сөздер қазақ тілінде тіпті аз. Мəселен: менен, үшін, арқылы, тақырыпты, туралы. «Менен» алдындағы дыбыстың түріне қарай «бенен» болып та айтылады, қысқа түрінде «мен», «бен» болып айтылады. Сынау. Төмендегі сөйлемдерді көшіріп, жалғаулық сөз-дердің астын сызып көрсетіндер. Күштіменен күреспе, байменен тіреспе. Отпен ойнама, күйерсің, баламен ойнама, шаршарсың. Бұлардың дауы жер тақырыпты. Олардың дауы жесір тақырыпты. Хабарды телеграф арқылы алдым, хатты почта арқылы алдым. Мен жаз-баймын өлеңді ермек үшін, жоқ-барды, ертегіні термек үшін, Сөзімді көкірегі, тілі орамды жастарға жаздым үлгі бермек үшін. Ат туралы сөзді қысқарталық. Қолымен істегенді мойынмен көтереді. Таспен ұрғанды аспен ұр.
Ахмет Байтұрсынов