Демеу

Демеу дегеніміз – екі сөздің арасын яки екі сөйлемнің арасын жалғастыруға демеу болатын сөздер. Мəселен. «Мен де, сен де сонда болдың». «Ол оқыды да, жазды да».«Да», «де» деген сөздер екі сөздің арасындағы жүйені келтіріп, жалғастыруға демеу болып тұр. «Я ол тұрар, я мен тұрармын». «Бұл жұмыс я бітер, я бітпес яки осы күйінде қалар». «Я», «яки» деген сөздер басқа сөздің арасындағы жүйелерін келтіріп, жалғастыруға демеу болып тұр. «Мен саған ұрыстым ба?» «Əйтпесе сөктім бе?» «Немесе соқтым ба?» «Балаң қазақша оқи ма, орысша оқи ма, əлде тіпті босқа жүр ме?».«Ба», «бең, «ма», «ме», «əлде», «əйтпесе», «немесе» деген сөздер басқа сөздердің арасындағы жүйесін келтіріп, жалғастыру үшін тұр. Демеу сөздер қазақ тілінде аз. Оның көбі басқа сөзден шық-қан туынды демеулер; мəселен: үйткені, сүйткені, үйтседе, бүйтседе, сүйтседе, əйтседе, əйтпесе, үйтпесе, бүйтпесе, немесе – бəрі туынды демеулер. Сынау. Төмендегі сөйлемдерді көшіріп, ішіндегі де меу сөздердің астын сызып көрсетіңдер. Ол соған əлде күйеу, əлде құда, сүймейді қой атаулы мені жүдə. Я бөлең я жиенің, я нағашың – əйтеуір саған ұқсас еді ол да. Адам да, ұшқан құс та, жүрген аң да жұмыссыз тек тұрған жоқ һеш бір жан да. Мен бүгін сабаққа бара алғаным жоқ, үйткені басым ауырғаннан. Басың ауырған шығар, сүйтсе де сабақтан қалғаның жарамаған екен. Əлде мен сылап-сипап бақпадым ба? Болмаса, жемнен қысып сақтадым ба? Əйтпесе əбзелдерің сəнді емес пе? Жібектен тізгінінді тақпадым ба? Малдырып үзеңгіңді сары алтынға, тағаңды шын күмістен қақпадым ба? Оқымадың, қой бақтың, сүйткенде сен не таптың?! Қалаға балаңды жібер не месе өзің барып кел. Үйтсе де, бүйтсе де һеш нəрсе өнетін емес. Береді деп ойлаймын, сүйтсе де сұрап көр. Бір мəнісі бар шығар, əйтпесе неге жазбасын. Ол саған ұрсар, əйтсе де бару, керек. Ол сенің арызынды бермес, үйткені жаз-байтын адам.

Ахмет Байтұрсынұлы

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *