Тасты я сазды жер суды астына сіңірмейді, сондықтан мұндай жерлердің бетіне көл тұрады. Сондай жерлер әсіресе «Ленинграт» (Ленинград) гүбернасында көп болады. Ағаш судың ортасында қалады. Ағашты көлдің жағасына кешікпей мүк шығады. Мүк жап-жасыл болып, көлді айнала орап алады: тынық көл айналасына жасыл барқыт ұстаған айна сықылданып, аспанның сәулесін түсіреді. Жасыл жібек бірте-бірте өсіп, жалпая береді. Жағадан суға түседі, бара-бара көлдің бетін жабады. Мүк суға батпайды, үйткені жабағыша үйісіп бір шеті жиекте жатады. Жабағының астын-да су жатады. Жағадан жиегі айырылып кетсе, мүк суға батады. Жылма-жыл мүктің жабағысы қалындай береді, үстіне жаңа мүк шығып, астындағы қабаты өле береді. Біраз уақыт өткен соң мүк қалыңдап, көлдің түбіне шейін барады. Сонымен мүк батпағы болады. Бұрын олардың бәрі де көл болып, соңынан суын мүк басып кеткен. Қалған-құтқан су мүк арасына кіреді. Мүк арасындағы суды біз көрмейтініміз, мүктің сабағына сіңіп тұрғандықтан, бірақ қолмен сықса, су шығады. Мүк суды жұта береді. Соның үшін жауынды кезде мүк тұрған батпақ ісінеді. Батпақтың беті бершімектеніп қампияды. Сол кез-де жиекке шығатын «Су емес мүк» деп жаңылысуға болады. Ағашты көлдің түбіне шейін мүк қаптап болған соң, енді төмендей алмайды. Көлдің түбі әрі жібермейді, бірақ үстіне жаңа мүк өсе береді. Астындағы жаны кеткен қабатын баса береді. Ақырында, әлдеқашан жаны кетіп сарғайған астыңғы мүк басыла-басыла тығыздалып, шым тезек болады. Соның үшін ескі мүк шыққан батпақтар шым тезек батпағы делінеді. Батпақ неғұрлым көп жыл тұрса, соғұрлым шым тезек қалың болады. Кейде қалыңдығы 4-6 таяққа жетеді. Кеуіп қалған шым тезекті кірпіш сықылдандырып тіліп, отқа жағады, шым тезек жап-жарық болып жанады, отын орнына тұтынуға келеді. Торыптың тағы бір маңызы сол ішіне түскен нәрселері бұзылмай ұзақ сақталады. Су жиегінде өсіп тұрған ағаштың бұтағы, болмаса, бір хайуан ішіне түсіп кетсе де, шым тезек ірітпей-шірітпей, неше жүз мың жылдар сақтай береді. Өте көп жасаған шым тезектер бар. Солардың ішінен түрлі нәрселер табылады. Соларға қарап, өткен пәлен замандарда көл жағасында қандай ағаштар өскені, нендей жәндіктер тұрғаны, қандай құстар үй салып бала-пандарын шығарғаны белгілі болды. Бір шым тезектің ішінде соғысқа шыққан салт атты адам табылған. Әрине, атының, адамның еті шіріп кеткен, бірақ сүйегі, қарулары ап-аман сақталған. Сорлы кісі атымен өтемін дегенде батпаққа батып қалса керек. Ауыр сауыт пен құралдар шым тезек батпағынан шығармай, батырып жіберген. Мүк қазақ даласында да әр жерде бар. Мәселен, осы күні Ақтөбе қаласына жақын жерде тіліп алып қазақтар отқа жағады.Ақтөбе қаласындағы көп мекемелер алдырып пешін жағады.
Вагнерден
Ахмет Байтұрсынұлы