Тұз тамақ дәмін келтіру үшін, азық бұзылмас үшін жұмсалатын керек нәрсенің бірі. Түйген тұз кірсіз болса, аппақ қардай бо-лады. Тұзды суға салса қанша сияқтанып ериді. Тұзды суды ауаға қойып я жылы жерге болмаса күннің көзіне қойып сорықтырса, қайтадан түйір-түйір тұз болады. Тұзсыз жер жоқ, бірақ бір жерде аз, бір жерде көп, тұздың көбірек болатын орындары: теңіздер, сорлар, түнді бұлақтар, тұз қордалары. Теңіз қазақ даласында аз, сор көп, сондықтан тұзды сорлар-дан алады. Ең үлкен тұзды сорлар Бөкейлікте: Боғда мен Жолтын. Жолтынның ені 10, ұзындығы 10 шақырым, тұзды сорлардың көп жері Орал, Ақтөбе гүбернелері мен Торғай үйезі. Түркістанда тұздың атақтысы «Қошқар» тұзының қалыңдығы 4 таяқ бойы. Тұз қордасы тұз төбеде бар. Бүтін Ресейге мұз, тұз жеткізіп тұратын Тұзтөбе. Тұзтөбе сықылды жақсы тұзға бай жер Ресейге Бақмот үйезінде, Ависизияда «Велинишки» деген орын. Басқа жерлердің тұзы біздің Тұзтөбеге жетпейді. Тұзтөбе Орынбордан 70 шақырым, Ақтөбе жағында, тұз қордасының алабы 3 шаршы шақырым, қалыңдығы 60 таяқ. Тұзын қазып үңгіген жерде көл бар. Сол көлге суға түсуге аурулы адамдар барады. Тұзды бұлақтар қазақ жерінде әзір табылғаны аз, тұздың көбі теңіздер суында болады. Барлық теңіздегі суды алып қайнатса я кептірсе, шыққан тұзды адам баласы бірнеше жүз жылда тауыса алмас еді. Ыссы жақтарда теңіз суын жағада қазып қойған жайпақ апан-дарға жіберіп, сорықтырады, ысуы құрыған соң түбінде қалған тұзды сыпырып алады. Салқын жақтарда үлкен қазандарға тұзды теңіздер мен көлдердің суын құйып қайнатады. Су қайнап болған сон астындағы түрін алады. Суық жақтарда ащы суды үлкен апандарға құйып қатырады. Бетіне тұщы су мұз болып қата береді, қатқан мұзды сындырып алып тастай береді. Ақырында қатпайтын тұздық қалады. Тұздықты қайнатып, суалтып тұзын алады. Тұзды сулардың тұзы жазғытұрғы қар я тасқын сулармен еріп, күзге қарай сор суалғанында тұзы түйірленіп түбіне шөгеді. Соны ел кетпен, күрекпен омырып, сыпырып алады. Тұздың адам тұрмысы түгіл, мал тұрмысында көп әсері бар. Жері сорсыз, қара отсыз жерлерде ел малына ауызы уылмасын деп тұз жалатады. Теңізге тұз қайдан келеді? Теңізге өзеңдер құяды. Өзендер суы тұщы дегенімізбен, ішінде еріген аз да болса тұз болады. Алыс жерден ағып аңтарылып келе жатқан өзенге жолдан тұз соқпай қалмайды. Ол тұз еріп өзенмен ағып теңізге барады. Күн көзінің қызуымен теңіз суы бу болып көтерілгенде, тұз теңізде қалады. Аспанға көтерілген бу бұлт болып, жерге жауады, өзендерге су береді, теңізге тағы ерітіп тұз айдап келеді, тағы тұз теңізде қалып, су аспанға бу болып көтеріледі. Сонымен теңіз суының тұзды болмасқа амалы жоқ. Теңізде тұз болу түсінікті нәрсе. Жер астына тұз қалай түседі? Тынбай ағып өзендер теңізге құяды, жүрген жерінен жинап теңізге құм, лай ала келеді. Жиекке жақын теңіз түбінен қайыр жоғары көтеріліп, қолтық, құлақ шығарады. Бұл құлақтар теңізге қылымен қосылады. Бірте-бірте қылы бітіп, тұзды көл болады. Жылдар, ғасырлар өткен соң көл де суалады. Орнында тұз қалады. Жел тұздың бетін құммен көміп, жер астына жасырып тастайды. Жер астынан қазып алынатын мұз, тұздар солай шығады. Тұз асқа салу, азық тұздаудан басқа істерге де жұмсалады. Мәселен, шыны, сабын істейтін зауыттарда жұмсалатын орында-ры бар. Шыны сықылды заттарды тазартуға да тұз пайдалы бола-ды. Жел ауруларға тұздың суы дауа болады.
Ахмет Байтұрсынұлы