Жазғы ашық күнде кіші орыс ауылын аралап қалай тұратынын қаралық. Ауылға алыстан, әсіресе, таудан қарағанда-ақ жасыл ағаштың молдығына таң қаласың. Үйлерінің арасы қашық-қашық, әрқайсысының айналасы толған ағаш бақшасы мен картоп, қарбыз, капуста бақшалары. Көгал ауылдың сәнін келтіріп, көңілді қылады. Әсіресе тораңғы әдемі. Тораңғы ұзын, жапырағы жоғары қарап шығатын ағаш, мұны Украина халқы өте жақсы көреді, бәрінен артық көретіні шие ағашы: шие ағашсыз бақша жоқ. Біз маңдай алдымыздағы шеткі үйге түсе қалдық. Ағаштың жасыл жапырақтарының арасынан күлімсіреп, кішкене терезелері қарайды. Бақшаның іші тап-таза, ұядай. Бақшаның арғы шетінде есік алдында үй иесі жас жігіт көрінеді. Үй қожасы рақаттанып, қысқа ғана найын тартып отыр: демалып тұрса керек. Қонақжай кіші орыстың әдеті бойынша жас жігіт бізге келіп, үйге шақырады. Жүрісі шабан, сөйлегені жай, аузынан найын да баяулау суырады.Кіші орыстың үй сыртынан тап-таза ғып сыланған, көз амалсыз сүйсінеді. Үй айналасында жауын-шашында жұмыс қылуға төбесі жабылған, жан-жағы ашық, күн қалталары болады. Үй айнала құм төккен. Мұнысы қыс суық жібермейді, жаз отырғыш бола-ды. Үйге кірерде басыңды қаттырақ бұқпасаң болмайды, үйткені, мандайшасы өте аласа, табалдырығы өте биік болады, байқамасаң маңдайынды соғып алуға, я сүрініп кетуің оп-оңай. Әуелі шоланға кіресің. Бір жағында үй, бір жағында кілт үй болады. Міне, үйге кірдік. Жаз ыссы күнде де үй іші салқын. Салқындыққа іші мен сыртын сылаған саз демеу болады. Көбінесе әйелдер еденіне су сеуіп, иісті шөп төсеп тастайды. Үй іші тап-таза, жып-жинақы. Кереге, төбе, пеш бәрі ағартылған.Үй іші көп болмайды: бәйбіше мен бір-екі балалары. Украина-да ер жеткен балалары үйленген соң, әкесінен де, аға-інілерінен де бөлініп енші алып кетеді. Сондықтан үй іші көп болмайды.Жас бәйбіше жылы шыраймен қарсы алады. Отырғызып бо-лып қонақжай бәйбіше кешікпей мұздай сүт әкеледі, ішіп шөліңді басып, рақаттанасың. «Ішкендеріңді бойларыңа тарауға жазсын», – дейді, басын изеп бәйбіше. Кіші орыс шетінен егін салады, бірақ жаңа ешнәрсе ойлап табамын демей, ата-бабасы қалай ексе, бұлар да солай егеді. Егін салатын көлігінің мықтысы өгіз. Өгізді кіші орыс өте жақсы көреді. Қара топырақты терең аудару керек, сондықтан үлкен ауыр сабан-дар жүргізіледі, бір сабанға екі-үш пар өгіз жегеді.Кіші орыс егін мен жерді жақсы көреді. Жер жырту ең бас-ты кәсібі, басқа шеберлікпен аз шұғылданады. Кіші орыс үйінде қасық, шеге, арқан сықылды тұтынуға керек нәрселерді де көресің, бірақ бұларды ұлы орыс істейді. Атам заманнан бері Украинада кіре салу бар. Бұлар кірені «шумакуание», кірешіні «шумак» дейді. Шумактар Қырымға барып тұз я Қара теңіз бен Азов теңізіне барып балық тасиды. Тасыған нәрселерін шумактар я өз ауылына алып келеді, я сыбай жәрмеңкелерге алып барады. Шумак Украинаның саудагері. Елі шумакты қадір тұтады, сөйлессең шумак көп нәрселерді біледі.Соңғы кездерде отарба таралған соң жүк отарбамен тасылып, шумактар кеміді.
«Живой родниктен»
Ахмет Байтұрсынұлы