Көп құс ет жеп күн көреді. Қоңыз, көбелек, түрлі маса, шыбынды жеп құртатын құстар тіпті көп. Маса, шыбын, құрт-құмырсқаны аса көп қыратын құс: ұзақ, қарға. Бұлар жер жыртып жүрген соқаның соңынан жүгіріп жүріп, қоңыздың құртын есеп-сіз көп жейді. Мұнан 10 жылдай бұрын арқалық Америкенің бір жерінде елі ұзақ, қарғаны қырған. Қыру үшін аңшыға бұлар көп ақша төлеген. Бір жылдан соң бұлар ұзаққа зар болып, сол құс жиылатын болса, бұрынғыдан ақшаны екі есе артық төлеуге бел байлаған. Ұзақ, қарға құрыған соң егінге қоңыздар мен көбелектер зор зиян тигізе бастаған. Адамға қараторғайдың да пайдасы өте көп. Бір жерде қара-торғайды қырған. Қараторғайды қыру бойына қоңыздар сонша көбейіп, тоғайдағы барлық шөпті жеп құртқан. Қысқа қарай амал-сыз алыстан пішен сатып алып тасуға тура келген.
168Америке халқы бірқатар құстарды бақшаларына қызықты-рып келтіреді. Неге десеңіз, бұл құстар бақшаларды зиянды құрт-құмырсқалардан аман сақтайды. Сарғалдақ деген торғай сияқты кішкене сары құсты үйде ұстайды: сарғалдақ мазасыз шыбындар-ды аулайды. Құрт-құмырсқа, маса, шыбынды жейтін құстардың адамға келтіретін пайдасын санап жеткізуге болмайды. Бұл құстар ағаш бақшаларын да, тоғайды да, орманды да, жүзім бақшаларын да, егінді де аман сақтайды. Оңтүстік Ресейде егінге шегірт-ке я басқа құрт-құмырсқалар өте үлкен зиян келтіріп тұрады. Құрт-құмырсқа көріне бастаған жерге құстар жиналып, зиян-ды жәндіктерді топтап қыра бастайды. Шегірткені әсіресе, «ды-розд» деген құс көп қырады. Шегіртке қайда жүрсе, дырозд да сонда жүреді. Бозторғайдың да пайдасы олқы емес: шөпті жау жапырақтай қирататын түкті ала құрттар мен шыбындарды торғай көп қырады. Ерлі-зайыпты екі торғай балаларының тамағына бір жұманың ішінде, үш мың үш жүз алпыс түкті құртты ұстап әкеліп берген, сонда күніне балаларын асырау үшін 480 құрт қырған бо-лады, бұлардан басқа торғайлардың өзі де бір жұманың ішінде тамақ ауыз тиіп жүруі керек. Қарлығаштар тек шыбын, құрт сықылдылармен ғана қорек-тенеді. Құрғақшылық кезде маса, шыбын, құрт-құмырсқа жоғары ұшады да, дымқыл уақытта төмендеп ұшады. Бұлардың артынан қарлығаштар ұшып қуып отырады. Сонымен қарлығаштардың ұшқаны ауаның я құрғақ, я дымқыл екенін көрсетеді десе болады. Бір ағылшын сағатына қарлығаш қанша шыбын ұстайтынын біл-гісі келіп, ұяның аузына отырып, балапанына қарлығаш неше рет ұшып келіп, кететінін санаған. Әр келгенде қарлығаш бір шыбын тістеп келеді. Бір сағатта қарлығаш қырық шамалы шыбын ұстап алған. Кейбір құстар маса, шыбынды, құрт-құмырсқаны бір түрлі әдіспен ұстайды. Тоқылдақтар ағаш қабығының астынан аулай-ды, әуелі қабық астындағы ағаш жейтін құртты тауып алады. Сонан соң қатты тұмсығымен әлгі жерді тесе бастайды. Ағаш жейтін құрт тоқылдақтан өмірде құтыла алмайды, қабықты тесе сала, тоқылдақ тесік астына тілін тығып жібереді. Тілі ұзын және оралымға келгіш болады. Тілімен қабық астындағы құртты суы-рып алады. Тоқылдақтың кейбір тұқымдары, істікке шанышқан сықылды, құрттарға тілін түйреп алады. Құрт-құмырсқа, маса, шыбынды қырғанда құстар тек өсімдікке ғана емес, малға да пайдасын тигізеді. Мәселен: бөгелектердің малға тыныштық бермейтіні жұртқа мәлім. Құстар бөгелектің са-зайын тарттырады, бір сиыр бөгелектен қалай құтылуға білмей, үйректер жүзіп жүрген қара суға бауырлап түсіп кеткен. Үйректер сиыр үстінде ызыңдап, ұшып жүрген көп бөгелекті көрген. Сонан соң барлық үйрек қалмастан сиырдың қасына келіп, қамап алып, бөгелекті аулай бастаған. Менің көзімше үйректер оқтын-оқтын секіріп, бөгелектерді ұстап алып жатты, – дейді, бір көзімен көрген кісі. Үйректер жан-жағын қоршап, кейде тұмсығымен шымшып жатса да, сиыр үйректің қызметін түсінген сияқты қозғалмай тұрды да қойды. Қазақ даласында шегірткенің ұрығын қарға көп қырады. Қарға бізге дос.
Н. Рубакиннен
Ахмет Байтұрсынұлы