КӨП НӘУБЕТТІ ЕГІС

Бұрынғы заманда тозған жерге неге 20  жыл дем алғызатын еді. Жердегі керек тамағын егін жеп тауысқан соң, жерде қалған тамақ егіннің жеуіне келмеген соң дем алғызатын еді. Біраз жыл өткен соң, жер астындағы тамақ бірте-бірте жұмсап, сұйылып, егіннің жеуіне келеді. Бірақ әртүрлі өсімдіктің біреуі бір тамақты көп жейді, екінші тамақты аз жейді. Екінші ананың аз жегенін көп жеп, көп жегенін аз жейді. Өсімдік те мал сықылды. Мәселен, жылқы ащы шөпті аз жеп, бозды көп жейді, түйе ащыны көп жеп, бозды аз жейді. Адам баласы соны сезген. Бір өсімдікті бір жер-ге қайтарып ексек, біраздан соң шықпайды. Бір жерге әлденеше түрлі өсімдікті алмастырып егіп отырсаң шыға береді. Бұл неліктен? Оның себебі, бір түрлі өсімдіктің жеген тамағын екінші түрлі өсімдік аз жейтіндіктен, соның үшін адам баласы көп нәубетті егіс шығарған.Көп нәубетті егіс бар жерде барлық жерді бес-алты я онан да артығырақ танапқа бөледі. Соның ішінде бір танабын ғана дем алғызады. Болмаса, о да жоқ. Әр танапқа әртүрлі астық, өсімдік егеді. Мәселен, бір танапқа бидай, екінші танапқа арыш, үшінші танапқа сұлы, төртінші танапқа жоңырышқа, бесінші танапқа картоп сықылды нәрселер егеді. Биыл шөп я картоп сықылды нәрсе еккен танаптарға айналдырып астық тұқымдарын егеді. Астық шөп пен картоп сықылды дақылдардың артынан жақсы шығады екен. Үйткені, бұл дақылдардың ұзын тамырлары жер-ге тарап, жұмсатып босатады. Жерде қалып, сол тамырлар шіріп, жерге жем болып тыйландырады. Көп нәубетті егіс болғанда адамға тамақ, малға пішен кідірмей өніп тұрады. Жер бос жат-пайды. Міне, адам баласы бір нәубеттен бастап, бірте-бірте көп нәубетті егіске түскен. Бір нәубетті егіс кезінде бір үйлі жан тамақ асырайтын жерден екі нәубетті егісте үш үйдің іші, үш нәубетті егісте төрт үйдің іші, көп нәубетті егісте алты үйдің іші тамақ асырайды. Басқаша айтқанда бір нәубет кезінде бір адам тұратын жерге көп нәубет кезінде алты адам тұруға болады. Міне, соны-мен ел тығыздалады.Еуропада осы күні көп нәубетті егіс қолданады. Ресейдің көп нәубетті егіс кей жерлерінде ғана аз-мұздап бар. Қазақ ішінде жоқ.

Ахмет Байтұрсынов

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *