ЗИРЕКТІК

Ағылшын жұртында Браун деген білімді, шебер ұста кісі судың үстіне бір қолайлы, берік көпір салуға жүріпті. Қалайша салсам ыңғайлы, нық болар екен деп ойға қалып келе жатса, жолдың үстіне кесе тартқан өрмекшінің өрмегіне көзі түсті. Мұны көріп Браун тоқтай қалып, ойланды: бұл өрмекші мынау жолдан кесе көпір салыпты, астында тіреу жоқ. Осындай көпір қолайлы болар еді деп. Сонымен келді де су үстіне екі ұзын шынжыр тартып, ортасынан тақтай салып, екі жақ басын құрғақ жерден биік, нық бағаналарға бекітіп, көпір істейді. Көпір қолайлы да, берік те бо-лып шықты. Шынжырмен көпір салу сонан қалған үлгі.

Ахмет Байтұрсынұлы

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *