КИІЗ ҮЙ МЕН АҒАШ ҮЙ

1876-шы жылда мен би болып тұрғанымда, екі адам бір-бірі-мен ұрысып, арызға келді. Біреуі қазақ, біреуі мешер. Екеуі де ше-бер, қазақтарға жер үй, ағаш үй істеп, көп мал тауып жүруші еді. Ұрыстарының себебі. Мешер айтыпты: «Қыстың күні тоңармыз, өзімізге бір жер үй салып алалық». Қазақ айтыпты: «Жоқ, киіз қос істеп алалық, қысымызға да, жазымызға да қолайлы, біреу жұмысқа шақырса, қосымызды қыс болсын, жаз болсын артып жүре бере-рміз». Мешер айтыпты: «Ой, киіз үйің құрысын, не күндіз, не түнде бір жылынбай, бүрісіп отырғаның». Қазақ айтыпты: «Сенің ағаш үйің құрысын, көшсең артуға көнбейтін». Сонымен біреуі киіз үйді, біреуі ағаш үйді мақтап, таласып отырып, бірін-бірі сөгіп, ақырында қайсымыздың сөзіміз дұрыстығын биге сынасамыз деп маған келіпті. Екеуі де өзіме белгілі, ақкөңіл бейнетқор адамдар еді. Істің себебін білген соң, сұрадым: айына екеуің қанша мал табасың? Олар айтты: «Екеуіміз 40-50 теңге табамыз». Қос пен жер үйдің басы не болады? Олар айтты: «Екеуімізге кішкентай ғана қос, кішкентай жер үй болса болады. Жұмысты өзіміз істей-міз, отыздап теңгемен істеп болар», – десті. Бұрын қайда тұрып жүруші едіңіз? Ел жайлауына кеткенде біреудің киіз үйін жалдап, жазына 10-1 теңге беруші едік, қыс болса кез-келген үйде жа-тып тұрушы едік, не болмаса, бір үйде меншіктеп жатсақ, оған да ақы беруші едік. Сонан соң айттым: екеуіңіздің де сөздерің дұрыс. Киіз үй көшіп-қонып жүруге қолайлы: жаз ел жайлауға кеткенде сіздер қыстауда қалып, бір қыстаудан бір қыстауға көшіп жүруге киіз қос қолайлы және жаз қостың ауасы да ағаш үйден жақсырақ болады. Соның үшін сен қазақ бір шағын қос істеп ал, қыс қазақ үй салқындайды, ол уақытында сіздер үйде отырып, әртүрлі уақ жұмыс істейсіз. Күн бойы далада жүрген жұмысты адамға түнде бір мезгіл жылы жер де керек, дұрыстап дем алып және жұмысқа ренжімей даяр болуға керек. Соның үшін сен мешер бір жер үй істеп ал. Сонымен жазда қосты алып жүріп сонда тұрарсыз, қыс жер үйде тұрарсыз. Және жыл сайын кісі үйін жалдап алып жүрген ақшаңызға неше қос пен үй істеп алсаңыз, ақырында бұл пайдалы болар деймін. Екеуі де төре маған тиді деп, біреуі қос сатып аламын, біреуі жер үй саламын деп шығып бара жатқанда және шақырдым. Екеуің жер үйді бірігіп істейсіңдер ме, жоқ басқа істейсіңдер ме? – деп сұрадым. Қазақ айтты: үйін мешер өзі істей берсін, мен қос тауып аламын.Сонан соң былайша төре бердім: «Сен мешер, жаз болса, мынау қазақтың алған қосында бірге тұрасың, соның үшін қостың жар-ты пұлын сен төле, сен қазақ, қыс болса, мынау мешердің жылы зелмеңкесінде (землянка) бірге тұрарсың, соның үшін зелмеңкені сен де бірге істес…». Екеуі де менікі дұрысқа шықты деп жүріп кетті.

Алтынсарыұлы Ыбырай

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *