ҚАМЕЛЕУІН

(қазақшаға аударушы – Қыр баласы)

Күн ыстық. Қала базары. Дүкен ашық. Алушы жоқ. Саудагерлер қалғысып отыр. Базарда тіленшілер де көрінбейді. Палитсия (полиция) надзирателі Ошумелов базар жағалап келе жатыр. Барымталап алған бір шелек қарақатты көтеріп, қасында жандарм келеді. – Ұстаңдар! Жіберме! Сен оңбаған, қабатын немесің ғой! – деген дауыс Ошумеловтың құлағына тиді. Қыңсылаған ит, кіжінген кісінің дауысы шыққан жерге, көзді ашып жұмғанша, ұйқыдан оянған дүкеншілер, отыннан қайтқан кісілер топтанып калды. – Бұл немене, тақсыр! Жанжал болып қалды ма екен? – деді жандарм Ошумелов сол жағына бұрыла басып, топқа қарай тартты. Жиылған топқа бір шала мас адам қолын көрсетіп тұр: – «Қолға түстің, тонамай жібермеймін», – деген түрі бетінен көрініп тұр. Бұл кісі Ошумеловке таныс зергер Қырукин деген екен. Топ ор-тасында қалтырап, дірілдеп, бір сарала күшік жатыр. Ошумелов топты жарып кіріп келіп: – «Бұ не? Кім айқайлады?», – деді. – Тақсыр, мен келе жатыр едім, мына күшік қолымды қауып алғаны. Мен бір жеті істен қаламын, зиянымды төлесін. Күшіктен жәбір көріп, зиян тартсын деген заң жоқ. Күшік қаба берсе, бүйтіп көрген күнің құрсын? – деді Қырукин. – Жарайды, бұл өзі кімнің иті екен, а! Итті бос ұстау қалай екенін көрсетемін. Үкімет жарлығын орнына келтірмегенде, әкесін танытармын! Барса келмеске жіберемін, айып салам! Ел-дерин әкім, айыпты кім екенін біл, иесін тап, пратакол жаса: кім біледі, бұл құтырған ит шығар, қазір итті өлтір! Айтыңдаршы, бұл өзі кімнің иті! – деді Ошумелов. Қамелеуін – азғын кесіртке. Қорыкқанда ісіп, кеуіп, қысқарып ұзарып, көгеріп, қызарып құбылады. Айнымалы, құбылғыш адамды да орыс қамелеуін дейді. Біреу тұрып: – «Мен білсем, бұл жанарал Жигалов иті болса керек», – деді.– Жанарал Жигалов дей ме? Уп! Елдерин, жеңім тартшы! Тер-леп, пысынап кеттім ғой. Күн қандай ыстық. Қайтер екен, жаңбыр жауар ма екен. Мен әлі түсінсем не дейсің! Бұл күшік сені қалай қапты? Күшік құрттай, сен еңгезердейсің, күшік аузы сенің қолыңа қалай жетті? Өз қолыңды озің қанатып, нәресте күшікке жала жа-уып, ақша алғың келді ме? Мен білемін, сендей залымның ойын, – деп Қырукинге Ошумелов жекіре бастады.Біреу тұрып: – «Қырукин оңбаған кісі, күшікті папируспен тұмсыққа түртіп ырылдатты, күшік ыза болып қолын қауып алды» – деді.– Өтірік айтып, былшылдама, соқыр! Айтқаны судай өтірік. Сен тіпті көргенің де жоқ. Тақсыр, өзі біледі, кім өтірік айтпайты-нын. Мен өтірік айтсам содия (судья) табар. Содияның қолында законы бар. Бұл күнде кісінің бәрі құрдас… білгілерің келсе, менің өз ағам да жандарм қызметінде.– Үніңді өшір! – деп Қырукинге Ошумелов ақыра бергенде, – Жоқ! Бұл жанарал күшігі емес, жанаралда мұндай күшік жоқ. Жанарал итінің бөрі тазы, – деді жандарм Елдерин.–Анық білесің бе?– Анық, тақсыр…– Мен өзім де білемін, жанарал итінің бөрі тазы. Мынау бір жаман күшік қой! Не жүн, не кескін жоқ. Осындай итті жанарал ұстаушы ме еді? Осы сендердің ақылдарың қайда кеткен? Бұл я Петрбор, я Мәскеуде көзге түссе, не болатынын білесіңдер ме? Қырукин, сен бұл істі түптемей, дерексіз тастама! Итін бос жі-беретін мырзаларды үйрету керек, – деді Ошумелов. Сүй деген кезде жандарм тұрып: – Ит бетінде жазу бар ма? Кім біледі, жана-рал күшігі болса, болып та қалар: Жанарал қорасында осы күшікті көрген сияқты едім, – деді.– Әрине, солай! Бұл күшік, рас, жанаралдікі, – деді топ ішінде біреу.– Ишша! Жел соғып кетті ғой. Тоңайын дедім…Шенелімді әкелші, киейін. Елдерин, сен күшікті жанаралға апар, сұра! Мен тауып алып жіберді дегейсің… Енді орамға шыға көрмесін. Бұл күшік қымбат ит шығар. Кез-келген шошқа папи-руспен тұмсыққа түртсе, нәресте шырағыма жәбір болар… Сен қайтадан қолыңды көтерме, өзің айыптысың…– Ие! Жанарал қазаншысы келеді екен, сонан сұрайық…– Ей, пирақор, бері келші: мына күшік сендердікі ме?
13– Тапқан екенсіңдер! Бізде бұл сияқты ит өмірде болып көрген жоқ, – деді пирақор.– Мұны сұраудың керегі жоқ, бұл қаңғыбас, бұралқы күшік енді көп сөйлесіп, бас қатыру не керек. Мен қаңғыбас десем, қаңғыбас болады да қояды, жылдам өлтіру керек, – деді Ошумелов.– Бұл біздің ит емес, жанаралдың ағасының күшігі, – деді қазаншы.– А! Жанарал ағасы, Владимир Иваныш келіп пе еді? Мен біл-генім жоқ еді. Қонаққа келді ме? Апыр-мау, мен білсемші мұны, – деді Ошумелов төре.– Ие, қонаққа…– Япырмай, жарықтық, туысқанын сағынған ғой. Мен тіпті білгенім жоқ деді. Мынау сүп-сүйкімді, үріп ауызға салғандай нәресте жанаралдың ағасынікі ме? Тіпті жақсы болды. Қуанып қалдым ғой! Қандай әп-әдемі күшік! Ап-ап деп мына біреудің қолын тістеп алыпты. Аузыңнан-ау, сенің!, Ха-ха-ха! Күшігім-күшігім, шырағым, неге қалтырайсың? Ешкім тимейді, қорықпа, ырылдама қарағым! Қандай сүйкімді, – деді Ошумелов төре.Пирақор күшікті ертіп жөнелді. Қырукин топқа күлкі болып қала берді.– Мен саған көрсетермін! – деп Қырукинге жекіріп, қарін тігіп, Ошумелов төре жөніне кетті.

А.П.Шеқов.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *