Қайда жүрсең жалғыз қарын –
Ар, иманың, намысың.
Ақша десе арын төккен,
Парашылсың қарны кең!
Азап көріп жанын жеккен,
Жұмысың жоқ жарлымен.
Сен бір борсық қанды сорған,
Ақ, қарасын талғамай.
Ол бір жемтік саған болған,
Жыртық тымақ жалбағай.
Байға қарап, жылы ұшырап,
Жақын тартып, күлмеңдеп.
Ойдан, қырдан сөзді құрап,
Жарамсақтап, күйбеңдеп.
Кісі өлтірсін, ұрлық қылсын,
Жесір дауы және де.
Берді Құдай, ішің білсін,
Істің түбін қарама!
Ойлаймысың жұрттың қамын,
Болса өзіңнің табысың:
Талай сорлы, талай момын,
Көзінен жасы сорғалап.
Мұңын шағып, айтып жоғын,
Тырп ете алмай, қорғалап.
Бұлт ашылып, нұр шашылып,
Туды күні кедейдің.
Сыр жасырып, құр бас ұрып,
Дерсің: «Жұртты жемеймін»,
Бойым еріп, көңіл беріп,
Нана қалман мен саған.
Жүре алмаспын енді сеніп,
Батсын, жаным, кет қараң.
Жөнеу
(А.Байтұрсынұлы кітабынан)