1. ф и л о с . Ойлау және сөйлеу қабiлетi зор, еңбек құралдарын жасап, оларды өз игiлiк қажетiне жарата бiлетiн қоғамның саналы мүшесi. 2. Адамзат өкiлi, кiсi. 3. п с и х о л . Генетикалық жақтан өмiрдiң басқа формаларымен байланысты және ол формалардан еңбек құралдарын өндiру қабiлетiнiң арқасында бөлiнiп шыққан, түсiнiктi сөйлей, ойлай алатын, саналы био-әлеуметтiк тiршiлiк иесi. 4. д i н и . Алланың жаратқан құлы, пенде. 5. п е д . Өзiндiк мiнез-құлқы, ойөрiсi, түр-тұрпаты бар ерекше жекетұлға. 6. э к с п р . Рухани толысқан, жан-дүниесi бай, ақыл-парасат иесi. 7. Тiрi жан, тiршiлiк иесi, кiсi атаулы. 8. Кiм болса да, қайсыбiр, қандайда бiр кiсi. 9. Өлшем, бiрлiк мағынасында. 10. а у ы с . Халық, жұрт, көпшiлiк. 11. а у ы с . Қандай да бiр мiндет жүктеген, осы мiндеттi атқарушы кiсi немесе бiреудiң, бiр нәрсенiң құзырындағы тұлға, қызмет, кәсiп иесi, қандай да бiр топ өкiлi