ОРМАН ҚҰСТАРЫ

Орман құстары деп орманда ұялап, орманда өсіп, өніп, өмірінің көбін ағаш ішінде өткізетін құстарды айтамыз. Орманда өсіп өнетін құстар: құр, тоты, тоқылдақ, көкек, қарға, қаршыға және басқалары. Тоқылдақтың 8 түрлі тұқымы бар. Олар ірілі, уақ болып, түрлі-түсті болып айырылады. Көбінес қарала, қызыл-шұбар, қызыл-жасыл түсті келеді. Тоқылдақ ағаш басында ұялайды, ағаш басын-да тамақ тауып күнелтеді: өмірін ағаш үстінде өткізетін құстың бірі. Ондай құстардың саусағының екеуі алдына, екеуі артына қарай бітеді. Тоқылдақ деп ат қойылғаны ағашты тоқ-тоқ еткізіп, тұмсығымен шұқығанынан. Тұмсығы қашау сияқты өткір болады. Ағашты шұқығанда, ағашты жеп жүрген құртты алып жеу үшін шұқиды. Көкек екі түрлі болады: біреуі – жәй көкек, екіншісі – атшы көкек. Атшы көкек ағаш қуысына ұялайды. Жәй көкек жұмыртқасын басқа құстардың ұясына салады, өзі басып, бала қылмайды. Екі түрлі көкектің аты бірлігі болмаса, түрінің ұқсастығы жоқ. Дауыстары да екі басқа. Атшы көкек үп, үп! деп дауыстайды. Жәй көкек ку, ку! деп дауыстайды.Қарға табындағы құстар: құзғын, қара қарға, ала қарға, таған, сауысқан. Бұлар ағаш басына ұялайды, бірақ, күнелтуі жерде бо-лады. Құзғын қыс кетіп, жаз келетін жыл құсы. Таған қалай келді, солай жаз бола бастайды, сондықтан тағанды қазақтар ұзақ қарға деп атайды. Қарға, ұзақ, тоқылдақтар адамға шын дос құстар. Бұлар құрт-құмырсқаларды, шегіртке ұрықтарын жеп, қырып көп пайда келтіреді. Ала қарға мен сауысқан қысы жылы жаққа бар-май, қыстап та қалады. Қыстаған қарға, сауысқандар ел сағалап күн кереді. «Құзғын мың жасайды» деген қазақта сөз бар. Құзғын мың жасамаса да 200 жылдай жасайды. Қай құстар да болса, басқа мақлұқтардан анағұрлым артық жасайды.

Ахмет Байтұрсынұлы

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *