СУШЫЛ ҚҰСТАР

Сушыл құстар өмірінің көбін суда өткізеді. Біреулері суда құр жүзеді, сүңгімейді, біреулері жүзеді де, сүңгиді де. Соңғылары сүңгуір деп аталады. Сушыл құстардың денелері суда жүзуге қайым біткен. Бауырлары байлаған сал сияқты жалпақ, жүні тығыз, түбітті, қалқуға қайым, саусақтары ескектей есуге қайым, аяқтары денесінің кейінгі жағына біткен (қайық ескендердің қайықтың арт жағына отырғаны сияқты). Қайықты қарамайлаған сияқты, майла-са жүніне су жұқтырмайтын құйрығының түбінде майы бар. Сушыл құстар көбінесе судың аралына ұялайды. Арал табылмаған жерде я құрға, я су үстіне ұялайды. Құрға ұялайтындардың біреулері жұмыртқасын жерге салады, біреулері інге салады. Сушыл құстар жұмыртқаларының уызы қою, піскенде тығыз бола-ды. Сушыл құстар екі тапқа бөлінеді: біреуі – қаз, екіншісі – шағалатабы. Қаз табындағы құстар: қаздың өзі, аққу, бірқазан, қызыл қаз, қара қаз, торы ала қаз, сары ала қаз, қараша қаз, қасқалдақ, қоңыр үйрек, шүрегей, кегір, сүңгуір сықылдылар. Шағала табындағы құстар: шағаланың өзі, албатрұс, пайетен, пыригет, өгіз шағала, қарабас шағала, қарабауыр.Сушыл құстардың біреулері тамағын судан ғана табады, біре-улері судан да, құрдан да табады, судан табатындар: шағалалар, сүңгуірлер. Судан да, құрдан да табатындар: аққу, қаз, үйрек. Шағалалардың көбі шабақ аулап күн көреді.Сушыл құстардың бірсыпыраларын адам қолға үйреткен. Тағы күйдегілерін де адам көп аулайды. Әсіресе, адам көбірек аулайтын құстар: аққу, қаз, үйрек, кегір. Бұларды көп аулайтын себебі – етінің дәмділігі, жүнінің жақсылығы. Аққу мен кегірді терісі үшін  аулайды. Аулағандар мылтықпен, қақпанмен, тұзақпен ұстайды. Қанаты түлеп ұша алмайтын, кезінде қайықпен қуып-соғып та алады. Бірқазан, шағалаларды жүні үшін ғана аулайды. Балық же-гендіктен еттері балық татып, дәмді болмайды.Сушыл құстардың адам бәрінің де жұмыртқасын жейді.

Ахмет Байтұрсынов

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *